Русский
English
中文

Кәсіби аудармашылар
Мәтіндердің әлемнің кез келген тіліне мүлтіксіз аударылуы



«Expert+» аударма Бюросы – Қазақстанның, алыс және жақын шетел мемлекеттерінің кәсіби аудармашылар бірлестігі. Біз, мәтіндерді аударудың жазбаша және ауызша түрлері бойынша, сондай-ақ және бизнестің кез келген саласы бойынша, яғни жеке құжаттарды аударудан бастап (дипломдар, шығыс-кіріс құжаттар және т.б.) экономиканың мұнай және газ секторы үшін мәтіндік аудармаларына дейінгі, корпоративті және жеке клиенттерге жоғары сапалы аударма қызметтерін ұсынамыз. Әлемнің 50 тілдерімен жұмыс жасаймыз.

Біздің аудармашылар: Біздің бюромыздың аудармашылары лингвистикалық жоғарғы білімімен қатар, белгілі бір сала бойынша экономика (заң, техникалық, медициналық және т.б.) аудармашы мамандары болып табылады, сондай-ақ өз саласында аударма жасау бойынша көп жылдық еңбек өтілдеріне ие. Біздің компанияның барлық мамандары, қатаң іріктеуден өткен және кәсіби аудармашы есебіндегі өз санатын дәлелдеді. Дәл сол біздің қызметкерлеріміздің санаттары арқасында, біз ең қиын тапсырыстардың аз уақытта, сапалы орындалуын қамтамасыз етіп отырмыз.

Біздің қызметтер: Біздің бюро – аудармалар жөніндегі көп салалы агенттік болып табылады. Біз аударма қызметтерінің барлық кешенін ұсынамыз: жазбаша, кезекті ауызша, синхронды ауызша аударма, аударылған құжаттардың нотариалды куәләндіруі және т.б.
Біз әлемнің барлық тілдерінде және аударма түрінде мамандандырылғанбыз деп айтуға әбден болады, қаржы-экономикалық аударма болсын, веб-сайттардағы аударма болсын, бағдарламалық қамтамасыз ету болсын, заңнамалық құжаттар болсын, біз кез келген тілден және кез келген тілге ғылыми және техникалық сапалы аудармаларды орындаймыз, әдістемелік және оқулықтардың, көркем әдеби кітаптар мен газеттегі мақалалардың аудармаларын жасаймыз және барлығы кәсіби деңгейде. Толығырақ «Қызметтеріміз» айдарында.

Аудармалар сапалылығы: Бізбен аударылған барлық мәтіндер, ағылшын тілінен аудару болсын, орыс тілінен, түрік немесе кез келген тілден болсын, сапаның ең жоғарғы көрсеткіштеріне жауап бере алады. Әр аудармашы, тек өз саласы бойынша аудармаларды орындайды. Қызметті ұйымдастырудың бұл әдісі, келіскен уақыттағы, ең сапалы аударуды қамтамасыз етеді. Қажет жағдайда, біздің аударма Бюромыз клиентке тапсырмастан тұрып, аударылған мәтін сапасаның екі деңгейлік бақылау аудармасын жасайды. Ең алдымен мәтін түзеткіш арқылы грамматикалық және орфографиялық қателердің бар болуына тексеріледі, сонан соң сәйкес мамандықтағы аудармашы маманға тексеруіне беріледі.

Біздің негізгі қағидамыз: әрдайым сапалылық пен жауапкершілік. Сондай-ақ, «Expert+» аударма бюросына келе отырып, Сіз берілген ақпаратыңыздың үшінші тұлғалар қолына түсіп кетпейтініне сенімді бола аласыз, өйткені біз ақпарат таратпауға толық кепілдік береміз.

Аударма бойынша жұмыстардың бағасы: Бізде мәтіндік аудармалар үшін алынатын бағалар қолжетімді қатынасқа негізделген: сапалылық және баға. Біздің бағалар аймақ бойынша ең төмен болып саналады, одан басқа «Жаңа клиент, «Тұрақты клиент» санаттары бойынша жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. Сондай-ақ, алып көлемді аудармаларда ақысыз уақытша аударманы ұсынамыз. Толығырақ «Бағалар» айдарында.

Біз қызмет көрсетулердің тиімді шарттарын, қолжетімді бағалар және жоғары санаттағы аудармашыларды ұсынамыз.
Аудармалардың жоғары сапалылығы, қысқа мерзімділік пен қолжетімді бағалар ОҚО көптеген корпаративті клиенттерінің мойындауына ие болды. Біздің клиенттер «Химфарм» АҚ, «Стандарт Цемент» ЖШС, «ФудМастер Шымкент» және басқалар.

Біз ең төмен бағаларды ұстана отырып, қызмет көрсету сапасының жоғарғы деңгейлілігін ұсынамыз. Біздің мақсат: біздің клиенттердің үміттерін ақтап, олардың ризашылығына ие болу.

Біз үшін ең жақсы алғыс – ұзақ мерзімді қызмет істеу және тапсырыс берушінің
«Тұрақты клиент» санатына ауысуы.