Русский
English
中文

Ағылшын тілі және ағылшын тілінен аударудағы қателіктер



Ағылшын тілі әлемдегі ең танымал тілдердің бірі. Алайда таралуы жағынан оны бірінші орында деп есептейтіндер қателеседі. Ол қытай және испан тілінен кейінгі тек үшінші орынды иеленеді. Есесіне оны қосымша тіл ретінде оқитындар 700 миллион адамға жетеді екен. Ағылшын тілінде латын, грек, француз тілдерінен енген сөздер көп, оның кең таралуы сондықтан болуы мүмкін.

Ағылшын тілі батысгерман тілдерінің тобына жатады. Ол Англияда англо-саксон кезінде пайда болған. Алғашқыда Британ империясының, кейінірек АҚШ-тың ықпалының нәтижесінде ағылшын тілі lingua franca-ға, яғни әлемнің көптеген елдерінде этносаралық байланыс тіліне айналды. Ұлыбританияның көптеген колонияларында (Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, ОАР, Ирландияда) ресми тіл болып табылады, сондай-ақ көптеген халықаралық ұйымдардың жұмыс істеу тілі.

Кез-келген тілден аударма жасағанда екі тілді де еркін меңгеріп қана қоймай, әр тілдің өзіндік ерекшеліктерін жете түсінген абзал. Олай болмаған жағдайда ұятқа қалдыратын, күлкілі жағдайларға тап болуыңыз мүмкін. Төменде ағылшын тілінің аудармашыларының мәтін тәржімалаудағы қателіктері берілген.
General Motors атты танымал компания Латын Америкасына Chevrolet Nova атты автокөлігін сатамыз деп сәтсіздікке ұшырады. Кейін анықталғандай No-va деген сөз испан тілінде «қозғала алмайды» деген мағына беретіні белгілі болды.

АҚШ-та Coors сырасының жарнамасында «Turn it Loose!» деген слоган пайдаланылған (мағынасы «Емін-еркін бол!») бұл слоганды испан тіліне тікелей аудару «Іш өтуден зардап шек!» деген сайқымазақ аудармаға алып келді.

Clairol компаниясы Mist Stick («Тұманды дезодорант» болып аударылады, жан-жағын жұпар иіске бөлеп жүреді деген мағынада) атты дезодорантты Германияда сатпақшы болды. Аудармашылар Mist сөзі неміс сленгінеде «малдың тезегі» деген мағына беретінін ескермегендіктен, немістер бұл өнімді жұпар емес, жеркенішті иіс деп қабылдаса керек.

American Airlines өз ұшақтарына былғарыдан жасалған креслолар қойып, сол жайлы мексика тұтынушыларын хабарландырмақ болды. Ағылшын тіліндегі «Fly in leather» деген слоган («былғарының үстінде ұш!») тамаша естілетін. Оны тіклей аударғанда «жалаңаш ұш» деген ұсқынсыз аударма шықты.